Қатонқарағайда ескі ағаш үйлер 55 млн теңгеге дейін қымбаттап кетті

Ulysmedia
Фото: krisha.kz

Шығыс Қазақстан облысы туристер аасында танымал бола бастағалы үй бағасы да айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ 

“Біздің Өскемен” порталының жазуынша, қазір Катонқарағайдың шалғай ауылдарында тұрғын үй бағасы шарықтап, Астанадағы су жаңа пәтерлермен бірдей бағаға жеткен.

Автор осыдан 3-4 жыл бұрын ғана Катонқарағайдың шалғай ауылдарынан халық үдере көшіп жатқанын, қазіргі жағдай мүлдем басқаша екенін жазады. Төңірекке туризм - жаңа үміт, жаңа серпіліс әкелгені байқалады.
 

“Бұрын 500 мың теңгеге өтпей жатқан ескі ағаш үйлердің бағасы қазір, Астанадағы су жаңа пәтерлерден қымбат. Әуежай құрылысы басталғаннан бері катонқарағайлықтардың болашаққа деген сенімі тіпті нығая түсті.  Бұл “Крыша.кз” сайтында тұрған хабарландыру. 1980 жылы салынған, Берел ауылындағы 60 шаршы метр ескі үйдің бағасы 55 млн теңгеге дейін көтерілген. Демек, сұраныс бар. Туризм нарығы өз бағасын қойып жатыр деген сөз”, – деп жазады басылым. 

Айта кету керек, TOR’RE ALTAY INVEST компаниясы Катонқарағай ауданында Wellness Resort емдеу-сауықтыру кешенін салмақ. Тағы бір ірі жобаны PANA ASIA компаниясы іске асырады. Компания құны 10 млрд теңге болатын туристік ауыл салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы Сарыбел ауылында халықаралық деңгейдегі қонақүй салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ал Өскеменде халықаралық Hilton Garden Inn қонақүйін салу жоспарланған.