1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33% қымбаттайды

Ulysmedia
Фото: QazaqGaz баспасөз қызметі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі. Алайда Энергетика министрлігі бағаның күрт қымбаттауын күтпейді. Бұл туралы жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл жылыту маусымынан уақтылы өтуге және газ инфрақұрылымын жаңғыртуға қажетті қаражатты қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Бұдан басқа қандай да бір күрт баға өсімі болады деп күтпейміз», – деді Тұтқышбаев.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы төрт айда Теңіз кен орны мен басқа да кен орындарындағы техникалық ақауларға байланысты Қазақстанда газ өндіру көлемі азайған.

Соған қарамастан, оның сөзінше, бұл жағдай халықты газбен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ. Өйткені ұлттық оператор QazaqGaz тұтыну қажеттілігін транзиттік газ есебінен қамтамасыз етіп отырған.