Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Reuters пен Sky News агенттіктерінің хабарлауынша, атысты тоқтату жергілікті уақыт бойынша жұма күні сағат 16:00-де (Астана уақыты бойынша 18:00) күшіне енуі мүмкін.
АҚШ өкілінің айтуынша, келісім АҚШ пен Катардың делдалдығымен, сондай-ақ Иранның ықпал етуімен дайындалған.
“Хезболла” мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бүгінгі қақтығыстан кейін тараптар бітімге келді”, — деп мәлімдеген Reuters-ке дереккөз
Контекст
Бұған дейін Ливанға қатысты толық ауқымды атысты тоқтату АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім шеңберінде қарастырылған. Хезболла өкілдерінің мәліметінше, Тегеран Ливандағы әскери қимылдарды тоқтатуды келіссөздерді жалғастырудың міндетті шарты ретінде талап еткен.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи Ливан аумағына жасалған соққыларды айыптап, олардың Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке зиян келтіретінін ескерткен.
БАҚ деректеріне сәйкес, әзірге Израиль мен Хезболла атысты тоқтату режимінің күшіне енгенін әлі ресми түрде растаған жоқ.