Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды

Ulysmedia
Фото Depositphotos.com

Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты Бурабай ұлттық паркіндегі Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ақмола облысының iKomek қызметінің хабарлауынша, бұл шара табиғатты қорғау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

“Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды. Бұл шара табиғатты қорғау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сапар бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Контекст

17 маусым күні ұлттық парктің аумағында орман өрті тіркелді. Өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған. Өрт шарпыған аумақтың көлемі 0,001 гектарды құрады.

20-24 маусым аралығында Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланған. Өңірде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады деп күтілуде.