Қазақстан өңірлері жаппай доллар сатып алып жатыр

Ulysmedia
Фото: Pixabay.com

2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллардың таза сатылымы 13,4%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Finprom.kz сарапшыларының есептеуінше, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында елдегі айырбастау пункттерінің халыққа долларды сату көлемі сатып алғанынан 494,8 млрд теңгеге артық болған. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 436,2 млрд теңгені құраған.

АҚШ валютасына деген сұраныстың күрт өсуі өткен жылы байқалған төмендеуден кейін болған. Ең көп доллар қаңтар айында сатып алынған 150,3 млрд теңге, кейінгі айларда таза сатылым біртіндеп азайған.

Ең көп доллар сатып алған өңір — Алматы қаласы (183,2 млрд теңге), бұл 2025 жылдың басымен салыстырғанда 79,5%-ға көп. Батыс Қазақстан облысында да АҚШ валютасына сұраныс айтарлықтай өскен (18,3 млрд теңге, өткен жылы 8,8 млрд болған).

Ал Алматы облысында керісінше жағдай тіркелген, айырбастау пункттері халықтан долларды көбірек сатып алған, яғни таза сатылым теріс көрсеткіш көрсеткен. Бұл ел бойынша осындай жағдай болған жалғыз өңір.

Бағам төмен болса, доллар сатылымы жоғары болады

Сарапшылардың болжамынша, долларға сұраныстың артуына оның бағамының төмендеуі әсер еткен. Қаңтарда доллар орташа 507,64 теңге болса, сәуірде 469,15 теңгеге дейін арзандаған. Кейін бағам қайтадан аздап өсіп, 22 маусымдағы жағдай бойынша 488,37 теңгені құраған.

Қазіргі өсімнің бір бөлігі маусымдық сұраныспен де байланысты екені айтылады.