Сыртқы істер министрлігі АҚШ аумағында қаза тапқан Асет Құралбайдың денесін елге қайтаруды ұйымдастырды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қаза тапқан қазақстандық азаматтың денесі 25 маусым күні Қазақстанға жеткізілген.
«Бүгін аталған азаматтың денесі Қазақстанға әкелінді. Нью-Йорктегі біздің Бас консулдық барлық қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, марқұмның денесін туған еліне қайтару жұмыстарына жәрдемдесті», - деді Жетібаев.
Контекст
Әсет Құралбай соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. Ол сол күні үлкен ағасымен телефон арқылы сөйлескен. Осыдан кейін байланыс үзілген. 7 маусым күні оның телефоны мүлде өшіп қалған.Содан бастап оған іздеу жарияланды, алайда кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.
Барлық іздеу жұмыстары аяқталғанына қарамастан, бұл оқиғада әлі де көптеген түсініксіз жайттар бар. Өлімнің нақты себебі анық емес, бұл өз еркімен өмірден кету бе әлде Ford Heights ауданындағы қылмыстық жағдайдың құрбаны болды ма, бұл жағы әзірге белгісіз.