Бұл туралы 4 шілдеде «Қазгидромет» синоптиктері ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Орал мен Ақтөбе қалаларында, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы. Мұндай құбылыс көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.