Астанада 6 шілдеде елорда күніне орай өтетін мерекелік концерттің әсерінен жолдар уақытша шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қай жерде қозғалыс шектеледі?
«Астана Арена» стадионы маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Сондай-ақ, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан өтетін жолдарға да шектеу қойылады.
Мұндай шара концертке келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау және іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.
Жүргізушілерге алдын ала дайындалу ескертілді
Әкімдік көлік жүргізушілерін жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлауға және кептеліс болуы мүмкін екенін ескеруге шақырды.
Жүргізушілерге уақыт жоғалтпау үшін мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдауға кеңес берілді.