Түркиядан тағы 42 қазақстандық елге оралды

Ulysmedia

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ

“Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына келіп жетті.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Айта кетейік, Түркияда зілзала құрбандарының саны 12,3 мыңнан асып жығылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

ДДСҰ болжамынша, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 20 мыңнан асуы мүмкін.