Алматы облысында нөсер жауыннан кейін көпірді су шайып кетті

Ulysmedia
Pixabay.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында нөсер жауыннан кейін Түрген өзені арқылы өтетін көпірді су шайып кетті. Көпір бұған дейін апатты деп танылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы облысы әкімдігі жағдайға түсінік берді. Әкімдіктің мәліметінше, Үлкен Алматы каналы бойындағы КВ-49 автожолының 54-шақырымындағы көпір 2024 жылы апатты деп танылып, көлік қозғалысы жабылған.

– 1 шілдеде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан апатты көпір құрылымының маңындағы топырақ шайылған, – делінген әкімдік хабарламасында.

ЖАҢА КӨПІР САЛЫНАДЫ

Билік өкілдерінің айтуынша, ескі көпірдің орнына жаңасы салынады. Жоба сараптамадан өтіп, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген. Сондай-ақ мердігер мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша анықталған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары осы айда басталады деп жоспарланып отыр.