«Қазақстан темір жолын» енді кім басқарады

Ulysmedia
gov.kz

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткеннен кейін компанияны Бауыржан Орынбасаров басқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған дейін Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.

Оның еңбек жолының басым бөлігі теміржол саласымен байланысты. Алматы теміржол инженерлері институтының түлегі еңбек жолын 1993 жылы бастап, станса кезекшісі және пойыз диспетчері қызметтерінен бастап ұлттық компаниядағы басшылық лауазымдарға дейін көтерілген.

Еңбек жолында Қарағанды және Алматы теміржол бөлімшелерін басқарды, «Қазақстан темір жолының» бас инженері, вице-президенті, инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры болды. Сондай-ақ басқарма төрағасының бірінші орынбасары міндетін де атқарған.

БАСШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР

Бауыржан Орынбасаров бұған дейін де теміржол саласындағы ірі құрылымдарды басқарған.

2014 жылы «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарды. Әр жылдары «Транстелеком», «Теміржолсу», «Қамқор» жөндеу корпорациясы және «Жолаушылар тасымалы» компанияларының директорлар кеңестеріне жетекшілік еткен.

Еске салайық, бүгіннен бастап Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кетті. «Самұрық-Қазына» қоры мұндай шешімді компанияның жалғыз акционері қабылдағанын хабарлады.