Қоғам Құрылтайда блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерін көргісі келмейді – ҚҚДИ

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы ЖИ көмегімен

Қазақстандық қоғамдық даму институты (КИОР) жүргізген әлеуметтік зерттеу қоғамның кәсіби Парламентке сұранысы жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы институттың басқарма төрағасы Жұлдызай Исқақова мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Оның айтуынша, қазақстандықтар Парламент құрамында блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерін емес, елдегі өзекті мәселелерді шешуге қабілетті, тәжірибелі әрі білікті депутаттарды көргісі келеді.

- ҚҚДИ жүргізген әлеуметтік зерттеу қоғамның кәсіби Парламентке деген сұранысы жоғары екенін көрсетті. Азаматтар табыстың артуын, инфляция мен азық-түлік және қызмет бағасының төмендеуін, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті, жаңа жұмыс орындарының ашылуын және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасалуын күтеді. Яғни, қоғам кәсіби Парламенттен нақты нәтиже күтеді, – деді Жұлдызай Исқақова.

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ

Қазақстанда биыл алғаш рет жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай елдің заң шығаратын бір палаталы органына айналады. Бұған дейін заң шығару қызметін Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент атқарып келсе, енді бұл өкілеттік Құрылтайға беріледі.

Құрылтай заңдарды қабылдап, республикалық бюджетті бекітеді, Үкімет қызметіне парламенттік бақылау жасайды және Конституцияда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.