Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дидье Дешам шәкірттері ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, чемпиондыққа таласын жалғастырды.
Француздар есепті кездесудің 28-минутында ашуға мүмкіндік алғанымен, Килиан Мбаппе пенальтиден мүлт кетті. Шабуылшы төменгі бұрышты көздеген соққы жасады, алайда марокколық қақпашы Яссин Буну (Боно) допты қайтарып үлгерді.
Үзілістен кейін Франция капитаны өз қатесін түзетті. Матчтың 60-минутында Мбаппе орта қашықтықтан дәл соққы жасап, допты қақпаның оң жақ бұрышына тоғытты.
Арада алты минут өткенде ол Усман Дембелеге нәтижелі пас берді. Француз жартылай қорғаушысы мүмкіндігін мүлт жібермей, матчтағы соңғы нүктені қойды – 2:0.
МБАППЕ АЛАҢНАН КЕТТІ
Алайда кездесудің 77-минутында Мбаппе медициналық көмек сұрап, алаңнан ауыстырылды. Оның жарақат алған болуы мүмкін екені айтылып жатыр.
Енді Франция жартылай финалда Испания мен Бельгия арасындағы ширек финал жеңімпазымен кездеседі. Бұл матч 11 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де өтеді.