Тоқаев дипломатиялық корпуста кадрлық ауыс-түйіс жасады

Ulysmedia
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпуста бірқатар кадрлық тағайындау жасады. Жаңа қызметке бұрынғы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов тағайындалса, экс-әділет министрі Азамат Есқараевтың өкілеті кеңейтілді.

ӘМСҚ-ДАН ҚЫРҒЫЗСТАНҒА ЕЛШІ БОЛЫП БАРДЫ 

Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Айта кетейік, ол бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары, Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы, Павлодар облысының әкімі қызметтерін атқарған. Кейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқарды. Бұл қызметтен 2025 жылдың ақпан айында кеткен болатын.

ЕСҚАРАЕВ ТӨРТ ЕЛГЕ ҚАТАР ЕЛШІ БОЛДЫ

Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Үндістандағы Қазақстан елшісі қызметін сақтап қалды. Сонымен қатар енді қоса атқару негізінде Қазақстанның Бангладеш, Бутан, Непал және Мальдив Республикасындағы елшісі қызметін де атқарады.

Азамат Есқараев Әділет министрлігін 2025 жылдың қаңтарына дейін басқарған.

БАСҚА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Президент жарлықтарымен:

  • Болат Иманбаев Армениядағы Қазақстан елшісі қызметінен Сербиядағы Қазақстан елшісі қызметіне ауыстырылды;
  • Бақыт Батыршаев Қазақстанның Катардағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;
  • Әнел Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы елшілігін басқаратын болды.

Сондай-ақ Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рапиль Жошыбаев, Катардағы елші Арман Исагалиев, Мажарстандағы елші Абзал Сапарбекұлы және Сербиядағы елші Мади Атамқұлов атқарған қызметтерінен босатылды.