13–17 шілде аралығында Астанада АҚШ киносының фестивалі өтеді. Іс-шара АҚШ-тың 250 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі хабарлады.
Фестиваль елордадағы Kinopark 6 KeruenCity кинотеатрында өтеді. Көрсетілімдердің барлығы фильмнің түпнұсқа тілінде ұйымдастырылады.
Кіру тегін. Алдын ала билет қажет емес, көрермендер залға бос орын болған жағдайда еркін кіре алады.
Фестиваль бағдарламасы
13 шілде
Casablanca – 19:00
Rear Window – 21:00
14 шілде
Rocky – 14:00
The Lion King – 15:00
Field of Dreams – 18:00
The Maltese Falcon – 20:15
15 шілде
The Wizard of Oz – 15:00
Elvis – 18:00
Jaws – 20:15
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль бағдарламасына америка кино өнерінің түрлі кезеңдерін қамтитын классикалық және заманауи туындылар енгізілген.
Қазақстандағы АҚШ елшілігі фестивальге киносүйер қауымның барлығын шақырып отыр.