Жезқазған әуежайында Ан-12 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болған. Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, әуе кемесі шассиінің зақымданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Ұшақ бортында 16 адам болған. Оның алтауы – экипаж мүшесі, оны – жолаушы. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Әуежайда тексеру жүріп жатыр
«Жезқазған Эйр» АҚ бас директоры Нұрлан Лебаев оқиға 10 шілдеде әуежай аумағында болғанын растады.
Қазір әуежайда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажет шара жүргізіліп жатыр.
Жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылап алу ұсынылды.
Ұшақ туралы не белгілі?
Ан-12 – 1950 жылдардың аяғында Антонов конструкторлық бюросы әзірлеген кеңестік төрт қозғалтқышты турбовинт ұшақ. Ол жүк, техника және жолаушы тасымалдауға арналған.