Астаналық әйел ұшақ бортында полицейді балағаттағаны үшін сотталды

Ulysmedia
Pixabay.com

Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін қорлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙ

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, биыл наурыз айында әйел мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерінің бірін көпшілік алдында балағаттаған.

Қылмыстық іс қаралғаннан кейін сот жолаушыны кінәлі деп таныды. Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдап, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Прокуратурада билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.