Абай облысында қызды пышақтап өлтіріп, мәйітін бөтен адамның үйінің алдына тастап кеткен

Ulysmedia
Polisia.kz

Абай облысының Бородулиха ауылында пышақ жарақаттары бар қыздың мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қылмыс 13 шілде күні болған. Таңғы сағат алты шамасында ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан көз жұмған қыздың мәйітін тауып алған.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Көп ұзамай ауданның 20 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

– Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бір-бірін танитын болған. Олардың арасында жеке бас араздығынан жанжал туындаған, – деп мәлімдеді Абай облысы Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.