2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 18,7 млн тоннаға жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алты айда Қазақстаннан Қытайға 11,7 млн тонна жүк жөнелтілді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 10% көп.
Экспорттық тасымал көлемі 8,5 млн тонна болып, бір жылда 20% артты. Қытайға негізінен:
кен;
құрама жем;
қара және түсті металдар;
астық;
мұнай және мұнай өнімдері;
басқа да жүктер тасымалданды.
Ал Қытайдан Қазақстанға 7 млн тонна жүк жеткізіліп, бұл көрсеткіш те 2025 жылмен салыстырғанда 9% өсті.
ӨСІМГЕ НЕ ӘСЕР ЕТТІ?
Жүк тасымалының артуына Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту және өткізу қабілетін кеңейту жұмыстары әсер еткен. Достық пен Алтынкөл өткелдері халықаралық көлік дәліздерінің негізгі буындары ретінде жүк ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз етіп отыр.