2026 жылғы 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR-төлемдер жүйесі ресми түрде іске қосылады. Бұл бастама елдегі қолма-қол ақшасыз төлем нарығына елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. Дегенмен жаңа жүйе бірден толыққанды жұмыс істемейді. Себебі QR арқылы төлемнің жүзеге асуы үшін сатып алушы мен сатушы қызмет көрсететін банктердің екеуі де бірыңғай жүйеге қосылған болуы қажет. Бұл жөнінде Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты Әйгерім Ілиясова түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банк банктерді жаңа инфрақұрылымға кезең-кезеңімен қосатынын мәлімдеді. Сондықтан алғашқы кезеңде сервистің қолжетімділігі әр банктің дайындық деңгейіне байланысты әртүрлі болуы ықтимал.
Қазіргі таңда Қазақстандағы QR-төлемдер нарығының басым бөлігін Halyk Bank пен Kaspi иеленіп отыр. Bloomberg бағалауынша, барлық QR төлемдердің шамамен 70 пайызы Kaspi үлесіне тиесілі. Осыған байланысты бірыңғай QR жүйесінің енгізілуі, ең алдымен, орта және шағын банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы мүмкін.
САТЫП АЛУШЫЛАР НЕ ҰТАДЫ?
Әйгерім Ілиясованың айтуынша, жаңа жүйенің басты артықшылығы – банкке тәуелсіз төлем жасау мүмкіндігі, яғни тұтынушы қай банктің клиенті екеніне қарамастан, сатушының QR-кодын өзінің мобильді қолданбасы арқылы сканерлеп, төлем жасай алады.
Егер барлық ірі банктер жүйеге толық қосылса, сатып алушылар үшін бірнеше артықшылық пайда болады:
Нәтижесінде клиенттер бір ғана төлем экожүйесіне тәуелді болмайды.
САТУШЫЛАР ҮШІН ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІС БОЛАДЫ?
Қаржыгердің сөзінше, бүгінде эквайринг комиссиясын кәсіпкерлер төлейді. Орташа есеппен ол төлем сомасының шамамен 1 пайызы. Әсіресе шағын дүкендер үшін бұл – айтарлықтай шығын.
Сонымен қатар кәсіпкерлердің бағаны көтеру мүмкіндігі де шектеулі. Оған халықтың сатып алу қабілеті, нарықтағы бәсекелестік, әлеуметтік маңызы бар тауарларға қойылатын мемлекеттік талаптар және жеткізушілердің баға саясаты әсер етеді.
Мысалы, темекі өнімдерінде үстеме табыс шамамен 10 пайыз болса, шағын дүкендердің жалпы үстеме бағасы көтерме құнның орта есеппен 15 пайызына тең. Оның ішінде:
Қалған бөлігі жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер және кәсіпкердің өз табысын жабуға кетеді.
Сарапшының пікірінше, бірыңғай QR жүйесі банктер арасындағы бәсекені күшейтіп, уақыт өте келе эквайринг комиссиясының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
БАНКТЕР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ КҮШЕЙЕ МЕ?
Жаңа жүйе ірі банктер үшін төлем ағындарының бір бөлігін жоғалту қаупін тудыруы мүмкін. Сондықтан олардың бірыңғай QR жүйесіне толыққанды қосылуы жобаның табысты іске асуы үшін аса маңызды.
Сонымен бірге бірыңғай QR:
Егер бұрын банктер QR желісінің көлемімен бәсекелессе, енді мобильді қосымшалардың сапасы, тарифтері мен қосымша қызметтері арқылы ерекшеленуге тырысады.
Алайда банктердің төлемдерді өңдеу шығындары әртүрлі болғандықтан, эквайринг комиссиясының ортақ әрі тиімді мөлшерлемесін келісу маңызды мәселе болып қала береді.
ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ МІНДЕТІ ҚАНДАЙ?
Бірыңғай QR жобасының бастамашысы – Ұлттық банк. Qazaq Expert Club сарапшысының сөзінше, реттеуші бұл арқылы төлем нарығындағы бәсекелестікті күшейтіп, ұлттық төлем инфрақұрылымын дамытуды көздейді.
Сонымен қатар Ұлттық банкке:
ҚОРЫТЫНДЫ
Әйгерім Ілиясованың пікірінше, бірыңғай QR жүйесі Қазақстанның төлем нарығын ашық әрі бәсекелі етуге мүмкіндік береді. Алайда оның тиімділігі барлық банктің жүйеге толыққанды қосылуына тікелей байланысты.
Егер сатып алушының да, сатушының да банкі жаңа жүйемен толық интеграцияланбаса, бірыңғай QR өзінің негізгі мақсаты – кез келген банк арасында еш кедергісіз төлем жасау мүмкіндігін толық қамтамасыз ете алмайды.
Сондықтан 19 шілдеде жүйенің ресми іске қосылуы маңызды кезең болғанымен, алдағы негізгі міндет – оны бейімделу кезеңінен өткізіп, толыққанды жұмыс режиміне көшіру.