Соғыстың бір күні бізге 450 млн долларға түседі – Андрей Сибига

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Соғыстың бір күні шын мәнінде қанша тұрады? Бейбіт келіссөздер неге тағы тоқтап қалды және бүгін соғысты тоқтатуға не кедергі?

Киевте Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен сұхбаттасты.

Соғыс пен бейбітшілікке бастайтын жол, Ресеймен келіссөздер, Дональд Трамп пен АҚШ-тың рөлі, қақтығыстың жаһандық ауқымда одан әрі ушығу қаупі және Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері туралы кең көлемді әңгіме өрбіді. 

Сұхбаттың бір бөлігі Қазақстанға арналды.

Андрей Сибига Киевтің Қазақстан ұстанымына қалай қарайтынын және еліміздің бейбіт келіссөздер үдерісінде қандай рөл атқара алатынын айтты. Астана үшін аса сезімтал мәселелердің бірі – Каспий құбыр консорциумы нысандары маңындағы шабуылдар мен Қазақстан мұнайының экспорт қауіпсіздігі де сөз болды.

Украина мұндай жағдай енді қайталанбайтынына кепілдік бере ала ма? Ал осы оқиғадан кейін Владимир Зеленский неге Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон соқпады?

Сондай-ақ сұхбатта:

* соғысты тоқтатуға қатысты келіссөздер неге тоқтап қалды;
* Украина дәл қазір келіссөз үстеліне отыруға дайын ба;
* Ресеймен мәмілеге келу мүмкін бе;
* Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі қаншалықты шынайы;
* Дональд Трамп бейбіт үдерісте қандай рөл атқарып отыр;
* америкалық келіссөз жүргізушілер Киевке неге әлі келген жоқ;
* Украинаға соғыстың бір күні қанша қаржыға түседі;
* Киев қандай қауіпсіздік кепілдіктерін нақты деп санайды;
* Сибиганың пікірінше, Орталық Азия елдері бұл соғыстан қандай сабақ алуы керек деген сұрақтарға жауап берілді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.