Қазақстан билігі «Азаттық» радиосына аккредитация бермей отыр. Бұл туралы компанияның қазақ бөлімінің басшысы Төреқұл Дооров жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Оның сөзінше, Құрылтай сайлауы қарсаңында «Азаттық» радиосында аккредитациясы бар бірде-бір журналист қалмаған.
– Қазір редакцияда жарамды аккредитациясы бар жалғыз қызметкер – операторымыз ғана.Бүгін редакцияның 11 журналисінің аккредитация мерзімі аяқталады. Біз оны ұзарту туралы өтініштерді мамыр айының ортасында тапсырған едік. Сыртқы істер министрлігі өтініштерді қарау мерзімі тағы екі айға ұзартылғанын хабарлады. Демек, жауапты тек қыркүйек айының ортасында аламыз, — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Масс-медиа туралы» заңда аккредитациясы жоқ шетелдік БАҚ пен оның журналистерінің жұмысына тыйым салу, «заң талаптарын бұзған» шетелдік БАҚ-тың жұмысын сот шешімінсіз-ақ тоқтатып қою қарастырылған.