Қазақстанда аптап ыстықтың беті қайтады

Ulysmedia
Pixabay

Кейінгі бірнеше күн бойы Қазақстанның басым бөлігінде сақталған аптап ыстықтың беті қайта бастайды. 21-23 шілде аралығында еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ КҮРТ ҚҰБЫЛАДЫ

Қазгидрометтің болжамынша, ауа райының өзгеруіне атмосфералық фронттардың өтуі себеп болады. Жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +20...+30 градус болады.

Орталық және шығыс өңірлерде +22...+35 градус аралығында сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27...+35 градус ыстық күтіледі.

Ал елдің батысында аптап ыстық әлі де сақталады. Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен бұл өңірде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі.