Түркиядағы зілзала: Үйінді астында 95 сағат жатқан 7 жасар қыз аман қалды

Ulysmedia

Түркияның Хатай провинциясында жойқын зілзаладан кейін үйінді астында қалып қойған 7 жасар қыз 95 сағаттан кейін құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: дереккөзден

Хатайдағы генерал Шюкрю Канатлы ауданында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астында тірі адамның бар екенін анықтаған. Көп ұзамай Ася Донмез есімді бүлдіршін құтқарылды.Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жіберілді.

Айта кетейік, Қазақстан құтқарушыларының екі тобы қазір түрік елінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өкінішке қарай, зілзала кезінде үйінді астында қалып қойған екі қазақстандық – Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадірбековті құтқару мүмкін болмады. Бүгін таңертең Құрамшевтің денесі табылды

Ulysmedia.kz “қазақтың Илон Маскы” атанған марқұм Мирболат Құрмашев жайлы біраз мағлұмат жинады.