Сәрсенбі, 22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.
Күндіз ауа температурасы:
орталығы мен шығысында +22…+35 °C,
оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +27…+35 °C болады.
Ал Қазақстанның батысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+42 °C-қа дейін көтеріледі.