Жантүршігерлік кадрлар: Ақтөбе полициясы тоңазытқыштан табылған адам басын көрсетті

Ulysmedia
pexels

Ақтөбе облысының полициясы Хромтауда ашылған аса жауызықпен кісі өлтіру ісі бойынша оқиға орнынан кадрлар жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

2024 жылдың күзінде құқық қорғау органдарына әйел адам хабарласып, күйеуінің жоғалып кеткенін айтқан. Тергеу барысында полицейлер жоғалған ер адамның екі танысына күдік келтірген. Олардың үйіне жүргізілген тінту кезінде қылмысқа қатысты айғақтар, соның ішінде мұздатқыш камераға жасырылған адам басы табылған.

Қаза тапқан адам Хромтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған.

ТЕРГЕУ

Тергеу мәліметінше, ер адамдар бірге алкоголь ішіп отырған кезде жанжал туындаған. Соның салдарынан жәбірленуші қаза тауып, кейін оның денесі бөлшектелген. Дене бөліктері қала сыртына шығарылып тасталған, ал күдіктілердің бірі адам басын тоңазытқышқа сақтаған.

СОТ ҮКІМІ

Айыпталушылардың бірі адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Екіншісіне аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жыл жаза тағайындалды.