24 шілде, жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр және бұршақ жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Солтүстік-батыс циклоны мен суық ауа массаларының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендейді.
Ал Қазақстанның батысына Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары ығысады. Соның нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт көтеріледі.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз ауа температурасы +34…+39 °C-қа дейін жетсе, жекелеген аудандарда +40…+44 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін.
ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ