Украина Wildberries компаниясының қоймаларын тағы да атқылады

Ulysmedia
Фото: Tatyana Makeyeva/AFP

Украина Ресейдің Wildberries компаниясының қоймаларын тағы да дрондармен шабуылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

24-шілдеге қараған түні Украина Ленинград Тверь облыстары мен аннексияланған Қырым аумағындағы Wildberries қоймаларына дронмен шабуыл жасаған.

Astra Telegram-арнасы өз жүргізген OSINT-талдауына мен оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбаларға сүйеніп, шабуылдан кейін Ленинград облысындағы Новосаратовка ауылында орналасқан «Wildberries Санкт-Петербург» қоймасы өртенгенінхабарлады.

Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов қалаға «әскери дрондар шабуыл жасалғанын» мәлімдеп, соққы Мәскеу тасжолындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалғанын мәлімдеді.

Exilenova+ Telegram-арнасы Тверь қаласы мен аннексияланған Симферопольдегі Wildberries компаниясының логистикалық орталықтарына да шабуыл жасалғанын жазды. Хабарламаға сәйкес, екі өңірде де соққы салдарынан маркетплейстің қоймалары өртенген.

«RWB Wildberries Russ» баспасөз қызметінің Telegram-арнасы 24 шілдеге қараған түні Симферопольдегі компанияның сұрыптау орталығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес эвакуацияланғанын мәлімдеді.