Тамыз айында Қазақстанның жеті өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
«Қазгидрометтің» алдын ала болжамына сәйкес, тамыз айында Қазақстанның жеті өңірінде атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін.
Құрғақшылық Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жәнібек аудандарында, Ақтөбе облысыныңШалқар және Ырғыз аудандарында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Жетісу облысының Алакөл және Ақсу аудандарында, Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында, Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында, сондай-ақ Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында, Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында ылғал мөлшері орташа деңгейде болады деп болжанып отыр.
– Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады, – деп хабарлады «Қазгидромет».