Шығыс Қазақстан облысында 600 қызметкердің жеке деректері таралып кеткен

Ulysmedia
Фото rt-solar.ru

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында білім беру ұйымдарының 600-ден астам қызметкерінің жеке деректерінің таралып кеткені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Прокуратура мәліметінше, заңбұзушылықтар жеке деректерді қорғау туралы заңның сақталуын тексеру барысында анықталған.

Тексеру нәтижесінде мектептер мен балабақшалар міндетті медициналық тексеру қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау кезінде құжаттарға өз қызметкерлерінің толық тізімін қоса тіркегені белгілі болды.

Соның салдарынан кез келген пайдаланушы қызметкерлердің тегі, аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы мен жеке телефон нөмірлері туралы мәліметтерге еркін қол жеткізе алған.

Прокуратураның араласуынан кейін 611 қызметкерге қатысты заңсыз жарияланған жеке деректер алынып тасталған. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған.