Ресей Украина астанасы Киевті зымыранмен атқылады. Қалада әуе дабылы іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
24 шілде күндіз Киевте бірнеше жарылыс болып, қалада әуе дабылы іске қосылды. Әуе қорғанысыкүштері Ресей армиясы қалаға зымырандармен шабуыл жасағанын хабарлады.
Киев мэрі Виталий Кличко қалада әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйелері жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
– Қалада жарылыстар естілуде. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жұмыс істеп жатыр, – деді Кличко.
Контекст
24-шілдеге қараған түні Украина Ленинград Тверь облыстары мен аннексияланған Қырым аумағындағы Wildberries қоймаларына дронмен шабуыл жасаған.
Astra Telegram-арнасы өз жүргізген OSINT-талдауына мен оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбаларға сүйеніп, шабуылдан кейін Ленинград облысындағы Новосаратовка ауылында орналасқан «Wildberries Санкт-Петербург» қоймасы өртенгенін хабарлады.
Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов қалаға «әскери дрондар шабуыл жасалғанын» мәлімдеп, соққы Мәскеу тасжолындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Украина Wildberries компаниясының қоймаларын тағы да атқылады