Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданаралық соты медицина қызметкеріне күш қолданған азаматты 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Ulysmedia.
Толығырақ
Сот мәліметінше, 2026 жылы 23 маусым күні сағат 12:00 шамасында Шал ақын ауданындағы Ұзынжар ауылының маңында айыпталушы Н. алкогольдік масаң күйде қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкері А.-ға қасақана күш қолданған.
Ол жәбірленушіні теуіп, ішінен ұрған, сондай-ақ екі қолымен білектерінен қысып ұстап, дене жарақатын салып, физикалық күш көрсеткен. Айыпталушының әрекеті дәрігердің кәсіби міндетін атқаруына кедергі келтірген. Оның заңсыз әрекетін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатқан.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденген. Сотталушының өзі де кінәсін мойындаған.
Сот үкімімен күдікті қылмыстық кодексінің 380-3-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.