Қазақстанда алдағы күндері күн қайтадан ысиды. 28-30 шілде аралығында елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алайда аптап ыстыққа қарамастан, ауа райы тұрақты болмайды. Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтіп, соның салдарынан өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Ең көп жауын-шашын Шығыс Қазақстан облысында күтіледі. «Қазгидромет» мәліметінше, бұл өңірде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.
Ал елдің оңтүстігінде жауын-шашын болмайды. Бұл аймаққа Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массалары әсерін жалғастырады.
Ең жоғары температура Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тіркеледі. Күндіз ауа температурасы +33-тен +44 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін жылынады.
Батыс өңірлер ғана бұл үрдістен тыс қалады. Синоптиктердің болжамынша, мұнда ауа температурасы айтарлықтай көтерілмейді.
«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, мұндай ауа райы кемінде 30 шілдеге дейін сақталады.