Кеше Ресейде оған террорлық әрекетке жәрдемдесу бабы бойынша айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Павел Дуровтың есімі Ресейдің Росфинмониторинг тізімінде пайда болды. Ресей заңнамасына сәйкес, бұл тізімге енгізілген тұлғаларға қаржылық операциялар жүргізуге шектеулер қойылады.
Бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Telegram мессенджерінің негізін қалаушысына террорлық әрекетке жәрдемдесу туралы бап бойынша айып таққан. Ресейлік күштік құрылымдар мессенджер әкімшілігі билік террористік және экстремистік деп таныған кейбір арналар, чаттар мен боттарды жоймай отыр деп есептейді.
Сондай-ақ Дуровқа халықаралық іздеу жариялау жоспарланып отыр.
TELEGRAM-МЕН ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ТЕКЕТІРЕС
Ресей билігі мен Telegram арасындағы дау көп жылдан бері жалғасып келеді. Ресейде мессенджер бұған дейін де билік тыйым салынған деп есептейтін контентті жоюдан бас тартқаны үшін бірнеше рет айыппұл салған.
Былтыр тамыз айынан бері Ресей аумағында мессенджер жұмысына шектеулер енгізіліп келеді.
Айта кетейік, Telegram Қазақстандағы ең танымал мессенджерлердің бірі болып қала береді. Оны миллиондаған адам пайдаланады. Платформа арқылы мемлекеттік органдар, БАҚ, бизнес өкілдері және қарапайым қолданушылар жұмыс істейді.