Ресей Украинаны cолтүстік кореялық зымырандармен атқылаған

Ulysmedia
uc.od.ua

Ресей Украинаны Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарымен атқылады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Ресей  Днепропетров облысындағы Радушное ауылына соққы жасаған кезінде Солтүстік Кореяда жасалған баллистикалық зымыранды пайдаланған болуы мүмкін.

– Әрине, әлі де сараптамалар жүргізіліп, барлық дерек тексеріледі. Бірақ қазіргі мәлімет бойынша, бұл – Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны, – деп жазды Зеленский.

Украина президенті одақтастарын Ресейдің шабуылдарын тек айыптаумен шектелмей, әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарын жеткізуге және Ресейге қысым көрсетуге шақырды.

Контекст

Еске салайық, 30 шілдеге қараған түні Ресей Украина қалаларына, оның ішінде Киевке зымыранмен шабуыл жасаған болатын. Кривой Рог маңындағы Радушное ауылында баллистикалық зымыран көпбалалы отбасы тұрған жеке тұрғын үйге түсіп, салдарынан алты адам қаза тапқан.