Қазгидромет бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Ulysmedia
pixabay

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Синоптиктер мәліметінше, 1 тамызда Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.