АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы дипломатиялық байланыс қайта жанданатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Иранмен тікелей келіссөздердің жаңа кезеңі 3 тамыз, дүйсенбі күні басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Трамп бұл туралы президенттік ұшақ бортында журналистерге берген сұхбатында айтты. Алайда келіссөздердің нақты қай жерде өтетіні мен оған кімдердің қатысатынын ашып айтпады. Сонымен қатар ол келісімге қол жеткізу үшін қандай да бір нақты мерзім белгілемейтінін жеткізді.
АҚШ президентінің сөзінше, Ақ үй Иранға жаңа әскери соққы жасаудан әзірше бас тартып, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік беруді жөн көрген.
НЕ ТАЛҚЫЛАНАДЫ?
Ол ықтимал келісімнің аясында Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігі мен Иранның ядролық бағдарламасы сияқты негізгі мәселелер талқылануы мүмкін екенін айтты.
– Келісімге келсек екен деймін. Адамдардың қаза тапқанын қаламаймын, – деді АҚШ президенті.
Сонымен бірге Трамп қажет болған жағдайда Вашингтонның Иранға қайтадан әскери соққы жасау мүмкіндігі сақталатынын да ескертті.