Құрылтай сайлауы: қанша қазақстандық дауыс бере алады

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бере алатын адам санын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛМАТЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

2 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 12 605 788-і Мемлекеттік сайлаушылар тізіміне енгізілген.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов отырыс барысында мәлімдеді.

Сайлаушылар саны ең көп өңір – Алматы қаласы. Мұнда 1 329 221 азамат тіркелген.

Одан кейінгі орындарда:

  • Түркістан облысы – 1 204 659 адам;

  • Алматы облысы – 1 042 987 адам;

  • Астана қаласы – 1 014 817 адам.

Ал сайлаушылар саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Онда 138 362 азамат тіркелген.

Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (365 161 адам) және Абай облысы (402 408 адам) тұр.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді.  Құрылтай Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы парламент болады.

Бұған дейін Үкімет сайлау өткізуге резервтен 34,3 млрд теңге бөлгені хабарланған еді.