Синоптиктер бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін, 6 тамызда, солтүстік-батыстан келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты аталған өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +22…+27 °C аралығында болады.
Ал елдің батысы мен оңтүстігінде Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен ауа температурасы жоғарылайды.
Атап айтқанда, батыс өңірлерде ауа температурасы +34…+39 °C-қа, оңтүстікте +37…+42 °C-қа дейін көтеріледі.