7 тамызда елімізде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі

Ulysmedia
24.kg

Синоптиктер 7 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар жұма күні Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріндегі ауа райына әсер етеді. Бұл аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің солтүстігінде ауа райы жайлы болады. Мұнда ауа температурасы +22…+27 °C аралығында сақталады.

Ал Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады. Иран жақтан жылы ауа массаларының келуіне байланысты кей жерлерде ауа температурасы +34…+39 °C-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстік өңірлерде күн одан да ысып, ауа температурасы +37…+42 °C-қа дейін жетеді.