Астаналықтар жіберген 4 тонна гуманитарлық көмек Түркияға жетті

Ulysmedia

Астаналықтар жіберген 4 тонна гуманитарлық көмек Түркияға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

"Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік әуе жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғысымызды білдіреміз", - делінген елшілік таратқан хабарламада.

 

Елшілік бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге шатыр, генератор, көрпе, жылытқыш, көрпе қаптар керек екенін хабарлаған еді. Көмек материалдарын тұрғындар елшілікке жеткізе алады.