Иранның жаңа рухани көсемі бес айдан соң алғаш рет жұрт алдына шықты

Ulysmedia
Видео кадры

Иранның жаңа рухани көсемі Моджтаба Хаменеи бес айдан соң алғаш рет жұрт алдына шықты. Елдегі ең жоғары қызметке келгеннен бері ол көпшілік алдына өте сирек шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Видеоны Иранның мемлекеттік Mehr агенттігі таратқан. Кадрда Хаменеи бірнеше адаммен бірге отырып, әңгімелесіп отырғаны көрінеді.

Видеоның нақты қашан түсірілгені айтылмаған.

Контекст

Моджтаба Хаменеи 2026 жылғы наурыздың басында Иранның рухани көсемі болды.

Ол 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары салдарынан қаза тапқан әкесі Әли Хаменеидің орнына келді.

Қауіпсіздік жағдайына байланысты бұрынғы рухани көсемнің жерлеу рәсімі бірнеше айға кейінге шегерілген. Қоштасу рәсімі тек 9 шілдеде Мешхедтегі Имам Реза кесенесінде өтті.

Кек алатынын мәлімдеді

Жерлеу рәсімінен бірнеше күн өткен соң Моджтаба Хаменеи әкесінің және әскери операция кезінде қаза тапқан басқа ирандықтардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

Ол Иран олардың қазасы үшін кек алатынын айтып, мұны иран халқының талабы деп атады.

Осыдан кейін жаңа рухани көсем тағы да көпшілік алдына шықпай кетті. Қазіргі видео - содан бергі алғашқы жарияланған кадр.