Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімді жылан шағып, жансақтау бөліміне түсті

Ulysmedia
pixabay

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім жылан шаққаннан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Оқиға «Автомобилист-2» бау-бақша ұжымында болған. 24kz мәліметінше, жылан жасөспірімнің аяғынан шаққан.

Туыстары бірден жедел жәрдем шақырып, жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімді сұржылан шағуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті оған жылан уына қарсы сарысу егілгенін мәлімдеді.

Қазір жасөспірім дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.