Түркиядағы зілзала: 8 мыңға жуық ғимарат сүріледі

Ulysmedia

Қазір Түркиядағы алапат зілзала салдарынан ең көп зардап шеккен 10 провинцияда 8 мыңға жуық ғимаратты бұзуға тура келіп тұр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Мұндай қорытындыны Түркияның қала құрылысы және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сарапшылары 132 мыңнан астам ғимаратты бағалағаннан кейін жасаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, 31 мыңнан астам ғимарат жеңіл зақымданса, 60 мыңнан астамы – сол қалпы.

Агенттік 10 провинциядағы барлық ғимаратты тексеру 3-4 күн ішінде аяқталады деп есептейді.