inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский қазақстандық Камила Лұқпановамен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Қуанышты жаңалығын кәсіпкер әлеуметтік желіде бөлісті.
Бұған дейін Арсен Томский сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәттен фото жариялаған еді.
Кәсіпкер мен оның жары туралы не белгілі?
inDrive негізін қалаушы Арсен Томский 2022 жылы компаниясының кеңсесін Ресейден Қазақстанға көшірген. Кейін Қазақстан азаматтығын алған.
2024 жылғы мамырда оның дәулеті 920 миллион долларға бағаланып, Қазақстанның ең ауқатты кәсіпкерлері рейтингінде 10-орынға енген.
Ал Камила Лұқпанова бұған дейін Almaty Tourism Bureau-ды басқарған.
Арсен Томскийдің бұған дейінгі некесінен екі қызы бар. Камила Лұқпанова да бір қыз тәрбиелеп отыр.
Той Ыстамбұлда өтті
Үйлену тойы кеше Ыстамбұлда өткен.
Салтанатты кешке қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, Technodom компаниясының негізін қалаушы әрі иесі Эдуард Ким, Astana Group компаниясының негізін қалаушы әрі иесі Нұрлан Смағұлов, Forbes Kazakhstan баспагері және Tan Media Group иесі Арманжан Байтасов, BI Group негізін қалаушы Айдын Рахымбаев, актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ, ресторатор Александр Скрипин қатысқан.