Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда WTA рейтингінің 41-сатысындағы Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті.
Матч екі сетке созылып, екінші партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталды. Кездесу Рыбакинаның 6:4, 7:6 (7:2) есебімен жеңісімен аяқталды.
Жаңбырға байланысты матч уақытша тоқтатылды. Теннисшілер кортта тура екі сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және 18 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.