Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында қанша алтын бар?

Ulysmedia
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алтын медаль санын 32-ге жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарыстың алтыншы күнінде қазақстандық спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари сайыстарында өнер көрсетті.

Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы төрт алтын және екі күміс медаль иеленді.

Мангала сайысында да қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті. Олар екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының қоржынында овари жарысынан да жүлде бар. Овари - Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны.

Көкбөрі 

Көкбөріден ақтық сында Қазақстан Қырғызстан құрамасымен кездесті.

Жеңіс алаң иелеріне бұйырды, ал Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды.