Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші турнирдің төртінші айналымында әлемнің 13-ракеткасы, US Open турнирінің екі дүркін чемпионы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Матч екі сетке ғана созылып, Рыбакина 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 6 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Елена жеті эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді. Ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Келесі қарсыласы кім?

Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде қазақстандық теннисші қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Рыбакина Чжэнді жеңсе, қарсыластарының нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.