Қызылорда облысында той кортежіне қатысқан 12 адам жауапқа тартылды

Ulysmedia
Видео кадры

Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған той кортежін полиция тоқтатты. Қауіпті әрекеттер бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Полиция мәліметінше, 11 тамызда кортеждегі жүргізушілер қарсы жолаққа шығып, қауіпті маневр жасап, жол апатына соқтыруы мүмкін жағдай туғызған.

Сонымен қатар, кей жүргізушілер рөлде отырып телефон пайдаланған және қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұдан бөлек, жол ережесін бұзудың басқа да деректері тіркелген.

Айыппұл және арнайы тұрақ

Тексерістен кейін барлық жүргізуші тоқтатылып, полицияға жеткізілді.

12 адамға қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылды. Тағы 10 көлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция той немесе басқа да мерекелік шара жол ережесін бұзуға рұқсат бермейтінін еске салды.