Осы аптада Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райы құбылмалы болады. Жалпы ел аумағында күн жылына бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Солтүстік пен шығыс
15 қыркүйектен бастап солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда да ауа райы тұрақсыз болады.
16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен елдің батыс өңірлеріне жауын-шашын мен жел болжанып отыр. Ал 17 қыркүйекте батыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Температура
Елдің қалған бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Температура көтеріле бастайды.
Күндіз солтүстік пен орталықта ауа температурасы +20…+27 °С-қа дейін жылынады. Батыста +19…+30 °С, шығыста +18…+25 °С, оңтүстік-шығыста +22…+28 °С болады.
Сонымен қатар алдағы күндері батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасы аздап төмендейді.